1-2 курс студенттерінің офлайнға қашан ауысатыны белгілі болды



    • 1-2 курс студенттерінің офлайнға қашан ауысатыны белгілі болды

      9 қазаннан бастап 1-2 курс студенттері дәстүрлі оқыту форматына ауысады.

      Естеріңізге салсақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына дайындық аясында университет студенттер мен оқытушыларға қолайлы жағдай жасау үшін студенттік үйлерде, жатақханаларда және оқу ғимараттарында кешенді жөндеу жұмыстарын бастаған болатын. Осыған байланысты 1-2 курс білім алушыларына 2023-2024 оқу жылы онлайн форматта басталған.

      Инфрақұрылымды дамыту бойынша проректор Еркін Дүсіповтың айтуынша, ағымдағы жөндеу жұмыстары 27 қыркүйекте аяқталады. Ал осы аптаның соңында студенттер «Hero Stady Space» платформасында жатақханадағы тұратын бөлмелерін таңдай алады. Жатақханаларға орналасу 5 қазаннан басталады.

      Бөлісу: