QYZPU АҚШ-тан ұстаз алдыртты



    • QYZPU АҚШ-тан ұстаз алдыртты

      QYZPU студенттеріне сабақ беруге АҚШ-тан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Лакиша Эдвартс келді. Мұхит асып келген қонақты ректор Гүлмира Қанай қонақжайлылықпен қарсы алды. Шел ел ұстазы университеттің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-курс студенттеріне сабақ беретін болады.

      Сонау АҚШ-тан мұғалімді QYZPU-ға Қазақстандағы АҚШ елшілігі ұсынғанын айта кетейік. Университет басшылығы білім сапасын одан әрі жоғарылату, халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында Бас консулмен келісімге келген болатын. Тараптар екі жақты келіссөздер нәтижесінде оң шешім қабылдап, тәжірибемен алмасуға уағдаласты. Нәтижесінде Джорджтаун университеті Лакиша Эдвартсқа грант бөліп, АҚШ-тың Мемлекеттік Департаментінің көмегімен қаржылық шығындарды көтерді. 

      Лакиша Эдвартсты ұжымға елшілік қызметкерлері таныстырды. Кеңесшінің қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Чад Киннер мен үйлестіруші Айгүл Тайтелиева екі жақты әріптестіктің әрі қарай да нығая беретініне сенім білдірді. Университет ректоры Гүлмира Қанай QYZPU туралы қонаққа мағлұмат беріп, Алматы қаласының сұлу табиғаты оны бейжай қалдырмайтынын айтты. Кездесу соңында тараптар естелік сыйлықтармен алмасты.

                                                                                                                                     

      Бөлісу: