QYZPU-дың 80 жылдығы қашан тойланатыны белгілі болды



    • QYZPU-дың 80 жылдығы қашан тойланатыны белгілі болды

      «Ұстаздар ұстаханасына» айналған Қыздар университетінің 80 жылдық мерейтойы 7 маусымда тойланады.Бұл туралы Басқарма төрағасы - ректор Гүлмира Қанай мәлімдеді. Ал мерекеге арналған іс-шаралар осы айдан басталатын болады. QYZPU басты салтанатты шараға дайындықты бастап кетті. Университетте құрылған арнайы комиссия бүгін бірінші отырысын өткізіп, жоспарын құрды.

      Естеріңізге салсақ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен 1944 жылғы 15 тамызда құрылды. Институттың ашылуына Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров, Нұртас Оңдасынов бастаған еліміздің зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қолдау білдірді. Ал 2018 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының  экс-Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «Ұлттық» мәртебе берілді.

                                                                          

       

      Бөлісу: