QYZPU CUP VI республикалық турнирі өтті



    • QYZPU CUP VI республикалық турнирі өтті

      Сәуір айының 29-30 жұлдызында «Парасатты Нағыз лидерлер одағы» пікірсайыс клубының 20 жылдығына орай өткен QYZPU CUP VI республикалық турнирі өтті.

      Турнирдің мақсаты-қазақстандық қоғамда және әлемдік қоғамдастықта орын алған  мәселелерді ашық түрде талқылау және талдау арқылы студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру,республикадағы ЖОО-дағы пікірсайыс қозғалысын дамыту.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қолдауымен турнир жоғары деңгейде өтті.Жалпы Қазақстанның 15 университетінен 120 адам қатысты барлық университ басшылығына Басқарма Төрағасы –Ректор- Гүлмира Әмірханқызы атынан алғыс хаттар берілді.

      Турнир нәтижесі бойынша:

      • АПФ I орын иегерлері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Алтын сапа» пікірсайыс клубының мүшелері Ракишова Аяжан мен Алимова Гүлнұр;
      • II орын иегерлері Нархоз және Сулейман Демирель атындағы университеттерінің пікірсайысшылары Аукенова Динара және Оразғали Әсет ;
      • III орын иегерлері Тұран университетінің пікірсайысшылары Мөлдір Насипжан мен Ақбота Нысанбаева марапатталды.
      • ЛД форматы бойынша I орын иегері Нархоз университетінің пікірсайысшысы Аукенова Динара және II орын иегері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің пікірсайысшысы  Абдыгалиев Руслан марапатталды.
      Бөлісу: