«Ақ қауырсын» әдебиет жанашырлары ұйымының 5 жылдық мерейтойы атап өтілді



    • «Ақ қауырсын» әдебиет жанашырлары ұйымының 5 жылдық мерейтойы атап өтілді

      Сәуір айының 27 жұлдызында Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Ақ қауырсын» әдебиет жанашырлары ұйымының 5 жылдық мерейтойы атап өтілді

      «Ақ қауырсын» әдебиет жанашырлар ұйымы 5 жылдың ішінде тек қана поэзиямен шектелмей, өнердің барлық саласын қамти отыра, жұмыс жасады. Жыл сайын әр буын өкілдері дәстүрлі түрде Мұқағали Мақатаевты еске алу мақсатында «Есіңе мені алғайсың... »  , Фариза Оңғарсынованы еске алуға арналған «Тұнық жырдың тұмары» сынды қалалық деңгейдегі байқаулар мен әдеби-сазды кештерді, «Ғашықтар күні» қарсаңында «Махаббат мәңгілік ертегі», «Махаббат бекеті», 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Сәттер арпалысы» атты шағын қойылымдар қойды.

      Әр мезгіл сайын ақын-жазушы, шығармашылықтағы аға буын өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Әдеби бірлестік Алматы қаласы бойынша, кітапханалармен тығыз жұмыс жасап келеді.

      «Ақ қауырсын» әдебиет жанашырлары Қыздардың Қарашаңырағы саналатын университетіміздің қабырғасында әдебиетті насихаттап, шығармашыл қыздарды бір ортаға біріктіре алды.

      5 жылдық мерейтойға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұртас Тұрғанбек,ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Әдеби кеңесшісі Еркін Ермек, айтыскер-ақын Айбек Бестенқұлов арнайы қонақ болып, жылы лебіздерін білдірді.

      Кеш барысында ұйым қыздарының авторлық өлеңдері оқылып, өздері дайындаған шағын сахналық қойылым қойылды. Әдемі әндер шырқалып, нәзік вальспен тәмәмдалды. Кеш соңында іс-шараға белсене қатысқан Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогоикалық университеті,Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Қазақ Спорт және Туризм Академиясы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеттерінен келген студенттер Басқарма Төрағасы - Ректор Г.Қанайдың алғыс хатымен марапатталды.

      Бөлісу: