1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні



    • 1 мамыр – Қазақстан халқының  бірлігі  күні

      Құрметті әріптестер мен білім алушылар!

      Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

      Бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыстың татулығын, этнос аралық ынтымақты паш еткен осы бір шуақты мерекеде баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

      Сыйластығымыз бен құрметіміз артып, бейбіт елде, тәуелсіз Отанымызда бақытты ғұмыр кешейік!  

      Құрметпен, 
      Басқарма Төрағасы—Ректор 
      Гүлмира Қанай

      Бөлісу: