«Қазіргі коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология» атты көшбасшылық дәрісі өтті



    • «Қазіргі коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология» атты көшбасшылық дәрісі өтті

      Университетіміздің  Ғылым айы бағдарламасына  сәйкес, Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі кафедрасында  профессор Т.Н.Ермекованың  «Қазіргі коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология» атты көшбасшылық дәрісі өтті.

      Дәрісте «Коммуникативтік кеңістікке не енеді?», «Коммуникацияның қандай түрлерін пайдаланамыз?», «Лингвоэкология жаңа ілім бе, ескі ілім бе?», «Лингвоэкология қандай бағыт, оның терминологиялық кеңістігіне не енеді?», «Қандай тілдік экологиялық мәселелер бар, оны қалай жоямыз?», «Лигвоэкологиялық тәрбиені қалай жүргіземіз?», «Жаһандану заманында жұтылып кетпеу үшін тіл иммунитетін  қалай көтереміз?» секілді сұрақтар төңірегінде  талқылау  жүргізілді және оның  шешу  жолдары  қарастырылды. Профессор студенттерді қолданыстағы кірме сөздер, сленг, жаргондардан ажырататын әдеби тіл нормасын сақтауға шақырды.                                                                       

      Тілдің түпнұсқалығы қазақ тілінің өміршеңдігін көрсететіндігін жете түсіндірді.  Соңғы сұраққа байланысты профессор Тыныштық Ермекованың  «Ғылымға қадам» ғылыми мектебінің мүшелері профессордың жетекшілігімен өздері жүргізген эмпирикалық зерттеулерінің нәтижесін баяндады. Атап  айтсақ Канлиева Аяжан, Нұржаубекова Аяла «Жастардың тіл экологиясына қазақ әндерінің әсері», Асылжан Шұғыла, Санақбай Балжан «Телехабарлардағы экологиялық мәселелер», Көлен Аружан, Ахметәлі Мадина «Біздің тілдік ортамыз және тіл тазалығы», Оңласын Назгүл, Мұхым Ақниет “Инстаграмдағы лингвоэкологиялық мәселелер» Бұлбұл Сара, Тогузбаева Мадина «Тик ток тілі», Ауғанбек Таңшолпан, Бердімұрат Сұлухан «Ақпараттық коммуникациядағы тіл тазалығы» атты тақырыптарда  зерттеулерін  таныстырды.  Жас зерттеушілердің «Әлемді өзгертем десең, өзіңнен баста!» деген түрткісөз аясында жүргізген бұл зерттеулері шын мәнінде бабалардан мұра боп қалған  ана тілінің  лингоэкологиясын  сақтауға бағытталған қазіргі жастардың коммуникативтік кеңістігінде тілдік үрдістерді сауықтыруға бағытталуымен ерекшеленді.

                                                                                                                                                 МЕДИА

                                                                                 

                                                                                 

                                                                                 

       

      Бөлісу: