«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті



    • «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      Бүгін «Ғылым  айы  2023» аясында  университетімізде “ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ” атты ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберіндегі ІІІ Халықаралық жиын өтті. Жиында E-R Talks (Education and Research Talks)  пленарлық отырысы болды.

                                                                                 

      Педагогтардың тәжірибесі арқылы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық«Lesson Study» педагогикалық тәсілі бойынша келесідей тақырыптарда студенттеріміз өз зерттеулерін қорғады: 

      • «Биология сабағында проблемалық оқыту технологиясын қолдану тиімділігін зерттеу»; 
      • «Физика пәні бойынша эксперименттік жұмыстар арқылы мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру»;
      • «PYTHON ортасында массивтермен жұмыс істеуде “графикалық органайзер” әдісін қолдану арқылы 9-сынып оқушыларының қызығушылығын қалай арттыруға болады?»;
      • «Бастауыш сынып оқушыларының кері байланыс тәсілі арқылы оқу сапасын жақсарту»;
      • «Ағылшын тілі сабағында дебат техникасы арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіру»; 

                                                                                 

      Зерттеу барысында Алматы қаласының мектептерін мысалға алып постер қорғаған жаңашыл студенттеріміздің жұмысын эксперттік кеңес мүшесі Айгүл Исаева  және отырыс модераторы Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Закир Джумакулов бағалады.

                                                                                 

      Бөлісу: