«Өзіңді дамыт» бағдарламасы аясында тренингтер өтті



    • «Өзіңді дамыт» бағдарламасы  аясында тренингтер  өтті

      Сәуір айының 10-14-і аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  қызметкерлері, оқытушылары мен студенттеріне «Өзіңді дамыт» бағдарламасы бойынша сананы кеңейту, тұлғалық өсу, қарым-қатынас ерекшеліктері, жоспарларды кейінге қалдыруды жеңу әдістері, ми мен танымды дамыту бойынша тренингтер ұйымдастырылды.

                                                                                

      Атап  айтсақ, 10 сәуірде «Сананы кеңейту және әйел қасиетін ашу» тақырыбында тренинг өтті. Кездесу барысында коуч, психолог, тәлімгер Анаргүл Айтқазиевна әйелдердің нәзік қасиетін аша отырып, энергияны арттыру, ата-анамен және серіктестермен қарым-қатынасты жақсарту, мақсатқа жету әдістерімен бөлісті. 11 сәуірде қатысушылар қиын мінез-құлықты адамдармен қарым-қатынас бойынша сарапшы Эльдар Байгужаевпен «Қарым-қатынастағы зияндылық» тақырыбын талқылады. Тренингте сарапшы зиянды қарым-қатынас түрлері, «қиын» адамды анықтау жолдары, ер адамның қыздарды түсінбеу себептері, табысты ер адамдармен тіл табысу ерекшеліктері туралы білімімен бөлісті.

                                                                                 

      12 сәуірде мастермайнд топтарының модераторы Вера Маслиева «Жұптағы үйлесімді қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізді. Кездесу барысында маман ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, жанжалдардың алдын алу және түсінбестіктерді шешу жолдарына бағытталған құралдар және пайдалы білімдерімен бөлісті. 13 сәуірде тренингке қатысушылар бизнес-тренер Аманжолова Жадырамен «Жоспарды кейінге қалдырумен қалай «достасуға» болады» тақырыбын талқылады. Тренинг барысында қызметкерлер мен студенттер тақырыпқа байланысты мәселелерді шешіп, жоспарланған дүниені кейінге қалдыруды жеңу әдістерін үйренді.

                                                                                 

      14 сәуірде коуч, психолог Айман Бейсеновамен «Тиімді оқуды үйрену» тақырыбында қорытынды тренинг ұйымдастырылды. Бизнес-тренер тиімділік тұжырымдамасын ашып, зейін мен есте сақтау, ми жұмысын дамыту техникаларын көрсетті. «Өзіңді дамыт» бағдарламасының соңында Университет қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері тренинг жайлы кері байланыс орнатып, жаңа білімдері туралы әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, тренинг өткізген дәріскерлерге алғыс хаттар табыс етілді.

                                                                                

                                                                                 

      Бөлісу: