12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің  күні



    • 12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің  күні

      Басқарма  Төрағасы – Ректор Гүлмира  Қанай 12 сәуір – ғылым  қызметкерлері  күнімен  құттықтады:

      " Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы, студенттер, серіктестер!

      Сіздерді университет басшылығының және бүкіл ұжымның атынан Ғылым қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

      Ғылым мен білім – кез келген қоғамның алға басуы мен дамуының ажырамас құрамдас бөлігі. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз, ғылыми ізденістеріңіз, жаңашыл идеяларыңыз – біздің  дүние танымымыздың кеңеюіне септігін тигізеді. Еліміздің ұлтжанды, зиялы қауымын тәрбиелеуге үлес қосып, өз білімдеріңізді өскелең ұрпаққа дарытып келесіздер!

      Осы айтулы күні сіздерге мамандықтарыңызға шын беріліп, жанқиярлық еңбек етіп, ғылымға деген шексіз сүйіспеншілік танытып жүргендеріңіз  үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Біз сіздердің әрбір жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз, ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлестеріңізді бағалаймыз, жаңа белестерді  бағындыратындарыңызға сенеміз.

      Сіздерге сарқылмас күш-қуат, шығармашылық табыстар, ғылыми ізденістеріңізге шабыт, отасыларыңызға  амандық,  денеріңізге  саулық тілейміз!

      Құрметпен,

       Басқарма Төрағасы – Ректор

      Гүлмира  Қанай"

       

      Бөлісу: