«Қанаттан, Ұмтыл, Арманда!»



    • «Қанаттан, Ұмтыл, Арманда!»

      Бүгін осындай атаумен  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты мен  DamuHub білім беру өнімдері зертханасының ұйымдастыруымен гендерлік экономика мамандарының, мотивациялық блогерлер мен шоу-бизнестің жаңадан өсіп келе жатқан жұлдыздарының қатысуымен танымдық және ойын-сауық кеші ұйымдастырылды.

       8 наурыз–Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып, болашақ ұстаздарды ынталандыруға бағытталған кештің ұраны: «Қанаттан,Ұмтыл, Арманда!» деп аталды.

      Аталмыш кештің басты мақсаты – мәдени демалыс орнату, әйелдердің көшбасшылығын дамыту студенттердің ынтасын арттырып, мотиватор қандай болу керек деген ұғымды түсінуге көмектесу, студенттерді университеттің қоғамдық өміріне араласуына ықпал ету. 

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығының директоры Айжан Сәлімжанова мен DamuHub білім беру орталығының мүшелері Венера Бабаева, Арай Тілекеева, Әйгерім Қобаеваның ұйымдастыруымен өткен кешке Гендерлік зерттеулер, LLM бойынша ғылыми қызметкер, «Болашақ» бағдарламасының түлегі – Әйгерім Құсайынқызы келіп, 8 наурыз– Халықаралық әйелдер күнінің тарихына тоқталып, жалпы мереке жайлы тың деректермен бөліссе, «АТУ аруы 2018», «Мисс Шинхан 2018» байқауларының жеңімпазы, атақты дизайнер Аида Кауменованың қолынан шыққан киім үлгілерінің моделі Динара Жолдасова өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, студенттермен интерактивті ойындар ұйымдастырды. Қаржылық коучинг Роза Әшірбаева қыз баласына,әйел баласына қаржылық сауаттылықты білудің көшбасшылық қабілетке әсері бар екені туралы танымды дәріс оқыды.

      «Жыл блогері 2021», vintana.kz-тің Brand Ambassadorы, блогер –Аружан Әрипжанқызы өз қатарластарына өзінің жетістікке жету жолы, адамның өзін-өзі дамыту жолдары жайлы мотивациялық кеңестерімен бөлісті.

      Сонымен қатар Ақсұлтан Ислам -Медет Сағынбек, Бірлікұлы Ерлік & Жамидолла атты жас әншілер мен ERA LEE и Yoozy тобы көрерменді көңілді де танымал әндерімен тербеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

      Кеш соңында ұйымдастырушылар қорытынды сөз сөйлеп, лотореялық ұтыс ойындарын ойнатып, жеңімпаздарға сый-сияпат табысталды.

       

      Бөлісу: