Университетімізде жаңа асхана ашылды



    • Университетімізде  жаңа асхана  ашылды

      Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  «Premie R»  асханасының  ашылу  салтанаты  өтті.

      Университет  басшылары  ашылуда  сөз сөйлеп,  барша  ұжымды,  әсіресе  студенттер қауымын   көптен  күткен  асхананың  ашылуымен  құттықтады.

                                                                                 

      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні  қарсаңында  ашылған   асхана оқу  орнының  Әйтеке  би  99 мекен  жайындағы  Бас  ғимаратының  жертөле  қабатында  орналасқан.

      Бір сәтте  80 адамды  қабылдауға  арналған асханада тағамдар дәмді  әрі  жылдам  дайындалып,  тиімді  бағада  ұсынылады.  

      Комплексті  түскі ас  бағасы  –  990 теңге.

                                                                                 

      Ас  мәзіріне  бірінші, екінші тағамдар,   шәй,  салат, нан кіреді. Таңғы  сағат 08:00-ден  22:00-ге  дейін жұмыс  жасайтын асханадан  тағамды  тапсырыс  беріп алып кетуге немесе әдемі  атмосферада  отырып сол жерде  тамақтануға  болады.

      Ал сағат кешкі  19:00-ден  бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің   барлық жатақханаларындағы  студенттер тапсырыспен  тағам  алдыртуына  болады.

      Тапсырыс      8 700 950 40 80 WhatsApp нөмірі арқылы  қабылданады.

      Университет жеке инфрақұрылымын дамытып,  студенттер мен қызметкерлер үшін барлық ыңғайлы жағдайды  жасауды  басты  назарға алауда.

      Бөлісу: