QYZPU студенті ММА спортынан қола жүлдегер атанды



    • QYZPU студенті ММА спортынан қола  жүлдегер атанды

      Педагогика  және  психология  институтының  дене  шынықтыру  және  спорт  мамандығында оқитын  3 курс студенті  Ұлан Аяулым 2023 жылдың  11-17 ақпан аралығында  Сербия астанасы Белградта өткен  Әлем  чемпионатында   Қазақстан құрамасында   өнер көрсетіп, ережесіз жекпе-жек сайысынан (ММА — «mixed martial arts» )   қола  жүлдегер атанды.

      Чемпионатқа 600- ден астам  спортшы  қатысса,  оның  33-і  ММА ұлттық құрамасының  мүшесі.

      Аяулым 52,2 келі салмақ дәрежесінде «18-20 жас аралығындағы жастар» арасында  өнер көрсетіп, өзбекстандық қарсыласын жеңіп, жартылай  финалға өтсе, ақтық сайыста  қазақстандық спортшыға есе  жіберіп 3 орынға табан тіреген.

      Әрдайым  университетіміздің  мәртебесін көтеріп,  жүлделі  орындар алып қуантып  жүрген жас  спортшы  студентіміздің жетістіктері  баршылық.

      Атап айтсақ,  2021 жылғы 2 желтоқсан мен 5 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланың құрама командаларынан 277 спортшы қатысқан «Жастар  және Ересектер» жас санаттары арасында ММА бойынша Қазақстан Кубогы  өткен  болатын. Аяулым 52,2 келі салмақ дәрежесінде «18-20 жас аралығындағы жастар» атынан  сынға түсіп, 1-орынға ие болған.

      Сонымен  қатар панкратионнан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, панкратион бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері, грэпплингтен, ММА бойынша Қазақстан чемпионы.

      Қазіргі  таңда ММА бойынша әлем  чемпионатынан 2 дүркін қола  жүлдегер атанып  отыр.  Былтырғы  жылы Біріккен  Араб Әмірліктері,  Абу-Даби қаласында   өткен  Әлем  чемпионатында   да ММА бойынша  қола  жүлдені  иемденіп қайтқан болатын.  

      Жеңімпазымызды университет атынан шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларың  көп болсын деп  тілейміз!

      Бөлісу: