Бітіруші түлектермен кездесу өтті



    • Бітіруші түлектермен кездесу өтті

      Университеттің Директорлар кеңесінің Төрағасы Омархан Нұртайұлы мен Басқарма Төрағасы Ректор Гүлмира Әмірханқызы университеттің бітіруші түлектерімен кездесті.

      Кездесудің басты мақсаты – бітіруші түлектерге жас маман атанып, жаңа еңбек жолын бастар шағында бағыт-бағдар беру, жол сілтеу, ақыл- кеңеспен бөлісу.

      Кездесу барысында Омархан Нұртайұлды қазіргі таңда елімізде техникалық мамандықтардың тапшы екендігі, ал педагог маманның әсіресе осы бағытта маман даярлауға басты назар аудару керектігін тілге тиек етті.

      – Қазір дамыған елдер деп индустриясы дамыған елдерді айтамыз. Ал индустриясы дамыған елдер – ол техникалық мамандығы дамыған және сол мамандықтарды дамытуды басты назарға қойған елдер. Бізде салыстырмалы түрде жыл сайын 50 мыңға жуық оқушы мектеп бітірсе, соның 38-40 мыңы гуманитарлық мамандықты таңдайды екен. Ал техникалық мамандыққа баратындар тек 10-15 пайыз ғана. Оның басты себебі математика, физика, химия, биология салаларын дайындайтын деңгейдің төмендігінде жатыр. Бұл дегеніміз елді өркендететін мамандарды дайтындайтын деңгейіміздің төмендігін көрсетеді. Осы жерде сіздерден яғни педагог мамандардан қажет ететін үлкен сұраныс, талап –техникалық бағыттарда терең білім беріп, оқушының осы салаға деген құштарлығын, сүйіспеншілігін арттырып, техникалық мамандықты таңдайтындай етіп тәрбиелеп шығару. Осы арқылы мемлекеттің дамуына зор үлес қосқан болар едіңіздер, –деп атап өтті.

      Кездесу барысында студенттер тарапынан спикерлерге сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар да алынды. Білім беру мекемелерінде іс-тәжірибеден өтіп жүрген студенттер ұстаздық қызмет жасау барысында кездескен қиыншылықтарымен, өздерін мазалаған сұрақтар төңірегінде ақыл-кеңес алып, танымды, маңызды кездесуге алғыстарын білдірді.

      Бөлісу: