Университет ACQUIN халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтуде



    • Университет ACQUIN халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден  өтуде

      2023 жылдың 26-27 қаңтар аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университеті ACQUIN халықаралық мамандандырылған аккредиттеудің сыртқы сараптау комиссия сарапшыларымен кездесулер өтті.

      Сыртқы сараптау комиссиясының алғашқы отырысы 26-27 қаңтар аралығында «Физика-информатика» (бакалавриат)  «Информатика және робототехника» (бакалавриат),  «Физика» (магистратура), «Ақпараттық жүйе» (магистратура), «Физика» (докторантура), «Информатика» (докторантура), «Математика» (докторантура), «Физика» (докторантура) білім беру бағдарламаларымен жүргізілді.

      Сыртқы сараптама комиссиясы мүшелері  университет басшылықтарымен және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен сараптамалық кездесулер өткізіп, сондай-ақ аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының көшбасшылары, білім алушылар және түлектермен кездесулер жүргізді. Кездесудің мақсаты - түлектердің кәсіби жетістіктерін, жұмыс берушілер мен студенттер арасындағы өзара әрекеттестікті бақылау,  оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуды бағалауға негізделген. Комиссия мүшелері университетіміздің  кітапханасымен,  студенттер үйі мен медициналық орталығының және Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының арнайы зертханалық кабинеттерінің  жұмысымен танысты.

      ACQUIN сыртқы сараптау комиссиясының аккредиттеу рәсімінің  екінші кластер бойынша География-тарих» (бакалавриат), «География-биология» (бакалавриат), «Тарих-дінтану» (бакалавриат), «Химия» (докторантура), География (докторантура), «Екі шетел тілі» (докторантура), «Орыс тілі және әдебиеті»  (докторантура) білім беру бағдарламаларының отырысы 9-10 ақпан аралығында өтуі жоспарлануда.

      Бөлісу: