«ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БАСТАУЫ



    • «ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ – БАҚЫТТЫ  ОТБАСЫ  БАСТАУЫ

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне  қарасты  Менталды  денсаулықты  дамыту  орталығының  ұйымдастыруымен  «Отбасы» жобасының  І-кезеңінің марапаттау рәсімі өтті.  Жоба 2 ай бойы жүргізіліп, оған 80-нен астам оқытушылар мен студенттер қатысты.

      Қараша  айынан басталып,   қаңтар айының  соңына  дейін  екі  ай  бойы  жалғасқан  «Отбасы» жобасының  курсы оқу  ордасының  студенттеріне  және  оқытушылар мен  қызметкерлерге  арналып,  жас ерекшеліктеріне  қарай  екі  түрлі  форматта  өтті.

      Отбасы  құндылықтары  мен  өмірлік  қарым-қатынастардағы  қиыншылықтардан шығу  жолдары, жалпы  адамның бақытты  отбасын құру, білім алушылардың санасында рухани адамгершілік дүниетанымды қалыптастыру, отбасын сақтау үшін негізгі өмірлік қажетті дағдыларды білу, ерте жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу, бақытты өмір сүруі үшін арнайы  кеңес тер мен әдіс- тәсілдерден  құралған курс төмендегі  тақырыптар бойынша  сабақтар өткізді.

      Өткізілген тақырыптар:

      1. Адамның мінез-құлқын қалыптастыру, табысқа жету, қарым-қатынасқа және өмірдің басқа салаларына әсер ету;

      2. Адамның өзін-өзі бағалауы;

      3. Потенциалды және көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Уақытты басқару;

      4. Махаббаттың стадиялары және некеге дайындық.

      5. Келіспеушіліктерді  шешу әдістері;

      6. Бюджетті басқару, қаржылық сауаттылық;

      7. Халықаралық этикет, дастархан жаю мәдениеті;

      8. Әр алуан елдердің халықаралық тәжірибесі, мамандық таңдау, жаңа мүмкіндіктер;

      9. Сән мен стиль, имидждік құпиялар;

      10. Кәсіпкерлік ойлау туралы Кинофорум

      Аталмыш жобаның І кезең курсын аяқтаған бітірушілерге  арнайы  сертификатты  университеттің Стратегиялық  даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жанар Қасымбекқызы мен Халықаралық отбасын дамыту институтының президенті,  курс  жетекшісі  – Базарбаева Ақбота Әлиханқызы салтанатты түрде табыс етті.

      Проректор Жанар Қасымбекқызы:

      –  Әрбір адам үшін отбасы ең алдыңғы орында тұрады. Отбасы кіші отаның, «Отан – отбасынан басталады – деген нақыл сөздердің де астарында терең мән-мағына жатқанын аңғару қиын емес шығар. «Отбасым» жобасының мақсаты да «Ата-ана болу жауапкершілігін сезінуді қолдау, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша қызметтер болатын. Мақсат үдесінен шыққан жоба деп түсінемін – деп жоба  жайлы  өз пікірін де  білдірді.

      Жобаға қатысушы оқытушылар мен студенттер курсты  тәмамдаған соң алған білімдерін  өз өмірлерінде  қолданып, оң нәтижеге  қол жеткізгендігі  туралы, жоба  жайлы оң  пікірлерін жеткізді.  Салтанатты  рәсім  кішігірім концерттік  бағдарламамен  жалғасты.

      Айта кетейік,  «Отбасым» жобасы Менталды  денсаулықты  дамыту  орталығы  аясында   әлі  де жалғасын табады. Курстың  ІІ кезеңіне   тіркелу  жүріп жатыр.

      Бөлісу: