De Montfort University ағылшын тілін оқыту орталығының директоры Саймон Эсертонмен әдістемелік семинар болып өтті



    • De Montfort University ағылшын тілін оқыту орталығының директоры Саймон Эсертонмен әдістемелік семинар болып өтті

      2022 жылы 09 желтоқсанында   филология институтында арнайы  шақыртумен  De Montfort University-дің  ағылшын тілін оқыту орталығының директоры Саймон Эсертонмен әдістемелік семинар өтті.

      "Active learning" семинарында  студенттерден бір нәрсені ойлау, талқылау, зерттеу және құру арқылы оқу процесіне қатысуды талап етудің оқыту әдістері туралы  сөз болды.

      Іс-шара шығармашылық кездесу форматында өтті. Семинар барысында Саймон оқушылардың  дағдыларды пысықтау, мәселелерді шешу, күрделі мәселелермен күресу, шешімдер қабылдау және ұсыну, сонымен бірге идеяларды жазу және талқылау арқылы өз сөздерімен түсіндіру әдістерімен бөлісті.

      Академиялық жазу және тілдерді оқыту орталығы біздің университеттің практикалық шет тілі кафедрасымен және шет тілін оқыту әдістемесі кафедрасымен жиі қарым - қатынаста  жұмыс  жасай  отырып,  осы институттың оқытушыларымен және болашақ мұғалімдерімен әдістемелік семинарлар, воркшоптар өткізеді.

      Аталмыш іс-шараны  келесі семестрде профессор-оқытушы құраммен және университет студенттері үшін де ұйымдастыруды жоспарланып  отыр.

      Бөлісу: