Волейболдан «Кәсіподақ кубогы» турнирі



    • Волейболдан «Кәсіподақ кубогы» турнирі

      Университет қабырғасында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің педагогикалық ұжымы мен қызметкерлері арасында «Кәсіподақ кубогы» үшін волейболдан жарыс өтті.

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Бұқаралық спортты танымал ету» бағдарламасын іске асыру барысында өткізіліп отырған спорттық іс-шараның мақсаты – жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен  қызметкерлері  арасында салауатты өмір салтын, волейбол спортын насихаттау.

      Оқу  ордасының  спорт кешенінде өткен  жарысқа әр институттан,  әкімшілік  топтан,  департаменттерден және колледж ұжымдарынан арнайы  топтар жасақталып, жалпы  саны 8 команда жарысқа  түсті. Әр команда  өкілдері аттестаттау комиссиясына конкурсқа қатысушылардың алдын-ала  дайындалған тізімі арқылы, дәрігердің арнайы  рұқсат қағазын ұсыну  арқылы  сайыс  алаңына шықты. 

      Жарысты  ұйымдастыру және  төрешілік жасау құзіретін  Университетіміздің  Дене шынықтыру және спорт бөлімі «Кәсіподақ ұйымының» ұйымдастыру комитетімен бірлесіп жүзеге асырды.

      Мерекелік  көңіл-күйде  басталған тарысты  жарыс 4 командадан   құралған 2 шағын  топқа  жұптасып, топ арасынан суырылып  шыққан  командалар жартылай  финалға өтті.

      Мерекелік көңіл-күйде басталған тарысты  жарыс 4 командадан   құралған 2 шағын  топқа  жұптасып, топ арасынан жоғары ұпай жинап шыққан  командалар жартылай финалға өтті.

      Командалар аты төмендегідей:

      1. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты;

      2. Әкімшілік -1 командасы;

      3. Жаратылыстану Институты;

      4. Филология Институты;

      5. Педагогика және психология институты;

      6. Физика, математика және цифрлық технологиялар институты;

      7. Университеттің кәсіптік колледжі шықты.

      8. Әкімшілік - 2 командасы.

      Сайыс нәтижесі бойынша III-IV орын үшін Физика, математика және цифрлық технологиялар институты және Филология институты сайысқа  түсті.

      I-II орын үшін Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және Өнер институты мен Әкімшілік-1 командалары  сайысқа  түсті.

      Шешуші  сәтте Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты І орынды иеленіп, жеңіске  жетті.

      II орын  Әкімшілік -1 командасына бұйырса, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты  III орынды иеленді.

      IV орынды Филология институның командасы;

      V орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық кәсіптік колледжінің командасы;

      VI орынды Педагогика және психология институтының  командасы;

      VII орынды Жаратылыстану институтының  командасы

       VIII орынды Әкімшілік -2 командасы иеленді.

      Чемпиондар кәсіподақ кубогымен, жарыс жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, медальдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

      Университет  ұжымын бір алаңға  жинаған тартысты  жарыс  қызметкерлер арасындағы  жылы  қарым-қатынас пен ынтымақ-бірлікті  нығайтуға, әріптестердің  бір-бірімен жақынырақ танысып,    ұжымдаса  жұмыс  жасауға деген қызығушылығын арттыруға  септігін тигізді.

      Бөлісу: