Университетке Эстониялық профессор келді



    • Университетке Эстониялық профессор келді

      ҚазҰҚПУ-ға Эстонияның Таллин қаласынан белгілі психология профессоры, клиникалық психология және психоанализ маманы Татьяна Николаевна Листопад қонаққа келді

      2022 жылдың 12 қарашасы мен 12 желтоқсаны аралығында ҚазҰҚПУ-ға Эстонияның Таллин қаласынан белгілі психология профессоры, клиникалық психология және психоанализ маманы Татьяна Николаевна Листопад қонаққа келді. Оның студенттерге, магистранттарға арналған дәрістері, Теориялық және практикалық психология кафедрасының қызметкерлері мен серіктестеріне қазіргі кезеңдегі тұлғаның психикалық бұзылыстары мәселесі аясында біліктілікті арттыру бойынша семинары өткізілді. Профессор Т. Листопад клиникалық психология, балалар мен жастардың психикалық және эмоционалдық денсаулығының бұзылуының проблемалары саласындағы ең өзекті зерттеулерімен бөлісті. Дәрістерінде жас ұрпақтың психикалық бұзылыстарының алдын алуға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, профессор Татьяна Листопад 2022 жылғы 7 желтоқсанда профессор Өмірбекова К.К. 80 жылдығына арналған конференцияда құрметті қонақ болды.

      Бөлісу: