Университет студенттері халықаралық конкурстан жүлделі оралды



    • Университет студенттері халықаралық конкурстан жүлделі  оралды

      6В03201-Кітапхана ісі БББ студенттері Орлов мемлекеттік мәдениет институтында «Library skills»  халықаралық мамандандырылған конкурсына қатысып жүлделі орынға ие болды.

      Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасы, 6В03201-Кітапхана ісі БББ студенттері Орлов мемлекеттік мәдениет институтында «Library skills»  халықаралық мамандандырылған конкурсына қатысып жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ: Тен Надежда, Гилимбекова Камила – II  орын, Исмаилова Аманисахан, Ким Алина- III орынға, Омарова Риза және Дәулет Ділназ халықаралық конкурсқа қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Студенттердің жобаларының жетекшілері: п.ғ.к, доцент Мукашева М.Б., п.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а Нуржанова Г.И., магистр, оқытушы Бектемір А.Ә. Жетекшілер мамандандырылған конкурсқа студенттерді дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. 

      Бөлісу: