Тұғыры биік - Тәуелсіздік!



    • Тұғыры биік - Тәуелсіздік!

      Бүгін осындай атаумен Университетіміздің Жаратылыстану институты, Химия кафедрасының Химия білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 1 курстың  106, 107 топ студенттерінің ұйымдастыруымен тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кеш болып өтті.

      «Елім менің» әнінмен ашылған мерекелік шара, қазақтың қара домбырасынан төгілген күймен жалғасты.Танымдық іс-шарада желтоқсан көтерілісінің құрбандарын еске алып, 1 минуттық үзіліс жарияланды. Студенттердің  желтоқсан көтерілісі туралы театрланған қойылымы  көрермен көңіліне  ой  салып, көзге  жас  үйірді.

      Кеш жүргізушілері  Тәуелсіздік  шежіресінен сыр шертіп,  30 жылдан аса  уақыт  бойғы  жеткен  жетсітіктеріміздің жылнамасымен  таныстырды.  Сонымен  қатар поэзия  әлемінен сусындаған студенттеріміз  Тәуелсіздік  жайлы  өзі  шығарған жыр шумақтарын оқып,  қошеметке  бөленді.

      Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

      Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

      Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

      Туған күнің құтты болсын, алыбым! – деп  студент жастардың жалынды  жырымен  аяқталған мерекелік  іс-шара  көрерменнің  көкірегіндегі   еліне, жеріне  деген патриоттық сезіміне  от беріп,  алаулатты.

      Бізде  барша  қазақстандықтарға Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деген ізгі тілегімізді  білдіреміз!

      Бөлісу: