Университет студенттері халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды



    • Университет студенттері  халықаралық байқаудың  жеңімпазы атанды

      Т.Қ. Оспанов атындағы ІІІ Халықаралық кіші жастағы (кіші (1, 2 курс) және одан жоғары (3, 4 курс) топтар) өлкетану математикалық есептер халықаралық студенттік байқауына ҚазҰлтҚызПУ Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының студенттері  қатысты.

      Байқауға Қазақстанның он университетінен (Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰлтҚызПУ, А.Бөкетов атындағы ҚарУ, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ, №2 Алматы педагогикалық колледжі,  Ресей (МГПУ, Сахалин мемлекеттік университеті, Тюмень ГУ, Дағыстан МПУ) 90 студент қатысты. Студенттер туған өлкесінің тарихи, мәдени, әлеуметтік-экономикалық, табиғи ерекшеліктеріне сүйене отырып, өлкетану материалын зерттеу негізінде математикалық есептер құрастырды. Мұндай жұмыстар студенттердің шығармашылық қабілетін, дербестігін дамытуға, кәсіби және зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

      Студенттік жобалардың жетекшілері: Агеева Лариса Евгеньевна п.ғ.к., профессор м.а (8 жоба), Агранович Елена Николаевна PhD, қауымдастырылған профессор м.а (3 жоба).

      Байқау нәтижелері:

      «География моего края» номинациясы (кіші топ):

      1 орын – Мирабдуллаева Д. 2 курс

      2 орын –Әбдіқани Ж. 2 курс

      3 орын – Изизжанова А. 2 курс

      «Архитектура родного края» номинациясы (жоғары топ):

      1 орын Телмұратқызы Г. 4 курс

      2 орын Абдиганиева С.  4 курс

      «История моего края» номинациясы (жоғары топ):

      2 орын Телмұратқызы Г., Акмалбаева Д.4 курс

      Зарибаева К. 3 курс

      Артамонова В. 4  курс

      «Подвиг моего народа в годы Великой Отечественной войны» номинациясы (жоғары топ):

      2 орын Баялиева Н. 3 курс

      «География моего края» номинациясы (жоғары топ):

      2 орын Есерова В. 3 курс

      «Выдающиеся личности моей малой родины» номинациясы

      (жоғары топ):

      2 орын Изюмникова О. 3 курс

      Жүлделі  орын алған барша студенттерімізді  құттықтаймыз!

      Бөлісу: