Жұмыс берушілер мен түлектер арасында кездесу өтті



    • Жұмыс берушілер мен түлектер арасында кездесу өтті

      АЛМАТЫ. 28 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен «Жас  маман – 2022» атты бітіруші  түлектер мен  жұмыс  берушілер арасында  кездесу  өтті.

      Педагогика және психология, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, Дефектология, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Психология, Дене шынықтыру және спорт  мамандықтары бойынша жұмысқа тарту мақсатында ұйымдастырылған кездесуге  жалпы білім беретін мектеп, балабақша, оқу-дамыту орталықтары, даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған арнайы мектеп интернаттары, психологиялық кризистік орталықтарының өкілдері қатысты.

      Жұмыс беруші тарап бүгінгі таңда еліміздің әрбір өңіріндегі еңбек нарығындағы педагогикалық мамандықтың өзектілігі туралы толық ақпарат беріп, өздерінің ұйымдары туралы және бүгінгі таңда студенттер үшін ашылатын мүмкіндіктер жөнінде әңгімеледі.

      Сонымен қатар, студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, толғандырған сұрақтарын қойып,  жауаптарын алды.

      Институт тарапынан бітіруші  түлектер туралы толық ақпарат беріліп,  жас мамандардың   түйіндемелері ұсынылды.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: