QyzPU бос орындар жәрмеңкесін жариялайды



    • QyzPU бос орындар жәрмеңкесін жариялайды

      АЛМАТЫ. 22 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық  қыздар педагогикалық университеті 2022 жылдың  28-29 сәуірі аралығында  екі  күн бойы  жыл сайын дәстүрлі  түрде  өтетін «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізбек. Жәрмеңке мақсаты - университетінің түлектерін жұмысқа орналастыру үшін білім беру ұйымдарына бөлу. 

      Екі күн бойы онлайн және оффлайн форматта өтетін жәрмеңкенің  алғашқы күнінің  жоспарында   педагогикалық білім беру мәселелері бойынша кездесулер мен дөңгелек үстел өткізу,  шара барысында мектеп пен университеттің байланысы, жас мамандарды тарту мүмкіндіктері және тағы да  басқа мәселелерді   қарастыру  жоспарлануда.

      Екінші күні түлектерді білім беру ұйымдары бойынша бөлу жоспарланып  отыр.  Шара барысында Сіздің командаңыз ұйымыңызды таныстыра алады және үміткермен сұхбаттасып,  қажет болған жағдайда Сізге қажетті жабдық ұсынылады. Презентация форматы мен ұзақтығы алдын-ала келісілуі керек.

      Үздік түлектерге арналған үздік жұмыс берушілер! «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатыса отырып, сіз:

      • жұмыс берушілермен кездесу;
      • мансаптық шеберлік сыныптары мен тренингтерге қатысу;
      • HR мамандарының жеке кеңестерін алу;
      • өзіңізге лайықты жұмыс табасыз;

       Сіздерді Бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға және екі күндік іс-шараның белсенді қатысушысы болуға  шақырамыз!

      Жәрмеңкеге қатысу туралы растауды Мансап, жұмысқа орналастыру және түлектермен жұмыс бөліміне 8 7758800559 (WhatsApp) телефоны бойынша немесе careerszhenpu2021@gmail.com электрондық мекен-жайына 2022 жылдың 25 сәуіріне   дейін жолдауыңызды сұраймыз! 

      Өтетін орны: Алматы қ., Гоголь к-сі №114, 1 корпус, № 215 ауд, конференц зал.

      Қатысу тегін. 

      Өтетін күні: 2022 жылдың  28-29 сәуірі. 

      Өткізу уақыты: 10:00-ден 18: 00-ге дейін. 

      Екінші күні (29.04.22) №1 оқу корпусының (Гоголь 114) фойесінде 9.00-ден бастап тіркеуден өту қажет.  

      ZOOM платформасында   онлайн қатысу  үшін,  төмендегі сілтемеге  өтіңіз

       https://us06web.zoom.us/j/89618429633?pwd=cXFseGJZc2ZWN1JwOGhSdFFpcUdWdz09

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: