QyzPU студенті Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды



    • QyzPU студенті Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды

      АЛМАТЫ. 22 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – QyzPU студенті Төребай Айнұр самбодан ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында ІІІ орын иеленді.

      Дене шынықтыру және спорт мамандығының 4 курс студенті спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан республикасының чемпионатында 59 кг категориясында өнер көрсетті. Чемпионат Семей қаласында өткен болатын. Айта кету керек, Төребай Айнұр бұл жетістіктерінен бөлек Қазақ күресінен Университет құрамасының мүшесі, спорт шебері.

      Жетекшісі Усбаев Нұрлан Сұлтанбайұлының қарамағында студентіміз QyzPU базасында дайындықтарын жүргізеді. Қазіргі уақытта 1-5 мамыр аралығында өтетін жастар арасында самбодан Қазақстан чемпионатына дайындалуда. 

      Алдағы жарыстарда спортшымыздың жеңіспен оралуына тілектеспіз!     

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: