QyzPU-да «IQ-аламан» өтті



    • QyzPU-да «IQ-аламан» өтті

      АЛМАТЫ. 21 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, физика-математика және цифрлық технологиялар институты информатика және қолданбалы математика кафедрасының  ұйымдастыруымен республикалық IQ-аламан 2022» интеллектуалды сайысы өтті.

      Ғылымның дамуына, білімді, дарынды жастардың ғылыми бәсекелістігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған  шараға  Нұр-сұлтан, Алматы, Қызылорда, Талдықорған, Жетісай және Павлодар қаласының жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған   командалар қатысты.

      Сайыстың  әділқазылар алқасының  құрамында     Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Жұмақұлов  Закир Даниярұлы, Университетіміздің Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының директоры тех.ғ.к., профессор Салғараева Гүлназ Ибрагимқызы, Ғылым комитеті «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты Директорының орынбасары PhD, қауымдастырылған профессор, Мамырбаев Өркен Жұманұлы, «QSTEM» Білім беру орталығының директоры Досболов Нурболат Мұратұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогикалық STEM — парк» директоры Сейдуалы Қасым Болатұлы болды.  

      IQ аламанында  додаға  қатысушылар  4 кезең  бойынша  сайысқа  түсті.

      «Magic square» кезеңінде сайыскерлер логикалық сұрақтарға жауап берсе,  «Кім жылдам?» кезеңінде Arduino UNO3 баспа тақтасына арналған тапсырмаларды  орындады. «Детектив» кезеңі  бойынша  сайыскерлер шифрланған мәтіндерді шешсе,  «Smart-технология» кезеңінде әр команданың  арнайы  әзірлеген көрмесі додаға  түсті.

      Сайыс соңында  әрбір кезеңнің  қазанында  қайнаған   болашақ мамандардың   ойлау  жүйесінің  жүйріктігі,  тез шешім  қабылдауы, жаңа  заманғы  технологияның  қыр-сырын  қаншалықты  деңгейде  терең  меңгергендігі  сарапқа  салынып,  әділқазы алқасының  шешімімен сайыс жеңімпаздары анықталды.

      Сайыс қорытындысы бойынша команда жетекшілеріне Алғыс хат, команда мүшелеріне сертификаттар берілді.

      Номинациялар және жүлделі орын иегерлері:

      1. Талдықорған қаласы І .Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен «Tripl A» командасы “Ең үздік SMART жоба” номинациясымен, жетекшісі  магистр, оқытушы Серікова Самал Маратқызы
      2. Нұр-сұлтан қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен «Жаңа Қазақстан» командасы “Ең жылдам команда” номинациясымен, жетекшісі магистр, аға оқытушы  Ахаева Жанар Берикбаевна
      3. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен «Able ladies» командасы “Жаңашыл команда” номинациясымен, жетекшісі магистр, оқытушысы Алимбаева Жадыра Нұрдаулетовна
      4. Түркістан облысы Жетісай қаласы «Сырдария» Университетінен «Best IT» командасы “Best IT”  командасы  “Жаңашыл программист”  номинациясымен, жетекшісі  магистр, аға оқытушы Лесбаев Ержан Дүйсенбаевич

      ІІІ орын - Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен «SIRIUS» командасы, жетекшісі  магистр, оқытушы Наурызбаев Дарманбек Бахытулы

      ІІ орын - Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен «Roboimaq» командасы жетекшісі магистр, аға оқытушы Асанова Жанна Сексенбаевна

      І орынды - аға оқытушы Жақсылықов Асет  Егнайұлы жетекшілігіндегі  Павлодар қаласы Торайғыров университетінен «Brainius» командасы иеленді.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: