Инфодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №21



    • Инфодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №21

      2020 жылғы 12 – 16 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

      12.10.2020

      – Қазан айының 20-23 күндері «Ортақ түркі тарихының жазылуы» атты Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтеді.

       

      13.10.2020

      11 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйытқы болуымен «Тұлға. Таным. Шығармашылық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Онлайн режимде ұйымдастырылатын жиын ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым Сапар Оспановты еске алуға арналған.

       

      14.10.2020

      «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Мәдина Ералиева.

      ***

      Білім алушылар мен оқытушылар үшін мол мүмкіндік! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы оқырмандар сұранысын кеңінен қамту және әдебиеттер мен ресурстары пайдалану мақсатында бірқатар келісімдер жасады.

      ***

      Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті кафедраларының ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

       

      15.10.2020

      2020 жылдың үшінші тоқсанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 19 студенті ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, стартап жобалар байқауы мен пәндік олимпиадаларға қатысты.

       

      16.10.2020

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова «ERI TV» қоғамдық интернет арнасына сұхбат берді.

      ***

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті даярлаған түлектер уақыт талабына сай ма? Жас мамандардың заманауи білім беруге дайындығы қаншалықты деңгейде? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеу мақсатында университет оқытушылары мен еліміздегі білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: