Г. Алдамбергенова «ERI TV» интернет арнасына сұхбат берді



    • Г. Алдамбергенова «ERI TV» интернет арнасына сұхбат берді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова «ERI TV» қоғамдық интернет арнасына сұхбат берді.

      Оқу орнының басшысы сұхбат барысында 75 жылдық тарихы бар білім ордасында атқарылып жатқан шаралар, қашықтан білім беру барысы мен педагог кадрларын даярлау тұрғысында қолға алынған бастамалар туралы әңгімеледі.

      Сұхбаттың толық нұсқасы «ERI TV»-ның YouTube-тегі арнасында жарияланды.

      Сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=g6D3inEhm14

      Алдағы уақытта сұхбаттың жазбаша нұсқасы «Азия Еуропа» журналына шықпақ.

      Айта кетейік, аталған ақпарат құралдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Алматы қаласындағы филиалы – Еуразия ғылыми-зерттеу институтының жанынан ашылған.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: