Біліктілікті арттыру институттарының жұмысы жандануда



    • Біліктілікті арттыру институттарының жұмысы жандануда

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Біліктілікті арттыру институты Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушыларына «Педагогикалық үдерістің әдістемесі мен әдістемелік қамтамасыз етілуі» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.

      Педагог мамандарының мәртебесін көтеру, олардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған, тікелей министрліктің басты назарында тұрған жоспарлардың бірі. Осыған орай біліктілікті арттыру орталықтарының да жұмысы жанданып келеді.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне қарасты Біліктілікті арттыру институты жаңа оқу жылы басталысымен,Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылар құрамына «Педагогикалық үдерістің әдістемесі және әдістемелік қамтамасыз етілуі» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.

      Курстың мақсаты біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудың басым стратегиялары мен оқу-әдістемелік кешендерін дұрыс жоспарлау негізінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

      10 күнге созылған 72 сағаттық оқыту курсына өнер академиясының 50-ге жуық ұстаздар құрамы қатысып, Университетіміздің жалпы және әлеуметтік педагогика кафедрасының доценттері, педагогика ғылымдарының докторлары Кульзада Кудайбергенова мен Кульпаш Сариеваның дәрістерін тыңдады.

      Бағдарламаны меңгеру нәтижесінде ұстаздар өзін-өзі дамытуға, біліктілігі мен дағдыларын арттыруға, әдістемелік көзқарасын кеңейту және тереңдету қабілеттерін игерді.

      Курсты тәмәмдағандығы туралы арнайы сертификатты Біліктілікті арттыру институтының директоры Камеш Хамзина курс қатысушыларына өз қолымен табыстады.

      Білім алушы топ университет ұжымы мен басшылығына, педагогикалық білімімен бөліскен оқытушы ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

      Алдағы уақытта екі тарап та  әріптестік қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс жасамақ.

      МЕДИА

        Департамент маркетинга и коммуникаций

        Контактный телефон: +7 727 237 00 05      

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz   

      Поделиться: