Дайындық бөлімі
-
Оқуға түсу
-
Егер сіз жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, грант иегері болғыңыз келсе, онда біздің тілдік дайындық курсының тыңдаушысы болыңыз.
Біз келесі курстарды ұсынамыз
- Ағылшын тілі-бүкіл әлем тарихы
- Биология-Химия
- Физика-Математика
Сіз үйренесіз:
Міндетті пәндер
- "Қазақстан тарихы »
- "Ағылшын тілі»
- "Оқу сауаттылығы»
- "Математикалық сауаттылық»
Бейіндік пәндер
- "Қазақ тілі мен әдебиеті"»
- "Математика»
- "Дүниежүзі тарихы»
- "Биология»
- "Химия»
- "География»
- "Физика»
- "Ағылшын тілі»
Оқу мерзімі - 9 ай. Тыңдаушылар жатақханамен қамтамасыз етіледі. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің сертификаты беріледі.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАУ.
Құжат тапсыру мерзімі
Қазақстан Республикасының азаматтарынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖОКБҰ дайындық бөлімінде тілдік даярлық деңгейін арттыру үшін өтініштер қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жүзеге асырады.
Тілдік даярлық деңгейін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖОКБҰ дайындық бөлімінде оқу үшін шетелдіктерден, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардан және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардан өтініштер қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылдың 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралағына дейін онлайн режимде "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы"порталы арқылы жүзеге асырады.
-
ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларына мынадай құжаттарды ұсынады (күнтізбелік жылдың 5 тамызынан 5 қыркүйекке дейін):
1) Қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
2) жалпы орта (жалпы орта), кәсіптік бастауыш( техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымша;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) 3x4 өлшемді 6 фотосурет;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген (бұдан әрі – № 907 бұйрық).
-
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерден, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардан және азаматтығы жоқ адамдардан ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін онлайн режимде "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады (күнтізбелік жылдың 5 тамызынан 5 қыркүйекке дейін):
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 6 дана фото 3×4
- Қазақ ұлтының тиесілігін куәландыратын құжаттың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған (немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде куәландырылған) аудармасы;
- Білім туралы құжаттың және оған қосымшаның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған (немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде куәландырылған) аудармасы;
- Үміткер тұратын елдің ресми Денсаулық сақтау органы немесе құжаттарды тапсыру орны бойынша берген флюорография суретін, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ-инфекциясы) және ЖИТС ауруының, В гепатитінің жоқтығы туралы медициналық анықтаманы қамтитын шетелге оқуға шығушы үшін медициналық анықтама;
- Психологиялық диспансерде есепте тұрмайтыны туралы немесе тұратын елдің денсаулық сақтау уәкілетті органынан анықтама немесе құжаттарды тапсыру орны бойынша маманның қорытындысы;
- Наркологиялық диспансерде немесе тұратын елінің Денсаулық сақтау уәкілетті органынан есепте тұрмайтыны туралы анықтама немесе құжаттарды тапсыру орны бойынша маманның қорытындысы;
- Алынған егулер туралы егу паспорты немесе тұратын елдің уәкілетті Денсаулық сақтау органының құжаты»;