Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

    • Example image

      ЖУМАНКУЛОВА ЕРКЫН НУРСАГАТОВНА

      Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, әдеп жөніндегі уәкілі

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейін де білім алу үшін айтарлықтай қажетті жағдайлар жасалған. Біздің университет сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою және оның барлық бағыттарындағы барлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік, сондай-ақ академиялық адалдықты сақтау және дәріптеуге бағыт алуда.

      Ол үшін Сіз төмендегілерді білуіңіз керек:

      - егер Сіз оқу процесінде әділетсіздікке тап болсаңыз;

      - егер Сіз корпоративті әдептің бұзылуын көрсеңіз;

      - егер Сізге хабарласқан кезде университет басшылығы мен оқытушылар тарапынан қажетті көңіл аударылмаса, Сіз тікелей осы блогқа арнайы жеке сұрақтарыңызбен жүгіне аласыздар немесе Әдеп жөніндегі Уәкілінің қабылдауына да келе аласыздар.Университеттің Әдеп жөніндегі Кеңесі Сізді мазалап жүрген мәселелердің әділ қаралып, шешілуіне кепілдік береді.


      НЕГІЗГІ АҚПАРАТ:

      Қабылдау күндері 18.00 ге дейін.

      Әйтеке би көшесі, 99-үй, Бас оқу ғимараты, 117-кабинет

      Жұмыс телефон номері: +7 (727)237-00-12

      Ұялы телефон номері: +77088394688

      Оқу мекемесінің басшылығы мен студенттер арасындағы байланыс:

      - ректор блогы;
      - бірыңғай тәулік бойы жумыс істейтін Call- орталығы;
      - университеттің ресми электрондық поштасы.

      Ректордың блогы университеттің негізгі сайтында орналасқан.

      Ректор блогының жұмыс процесі:

      • Университет сайтының басты бетіндегі «Біз туралы» бөліміндегі «Ректор блогы» батырмасын басу керек.
      • Терезені ашқаннан кейін жеке ақпаратты (электрондық пошта, аты-жөні, кері байланыс үшін телефон нөмірі) және сұрақ қою мүмкіндігі бар нысанды толтыруыңыз керек.
      • Ақпаратты жіберіп, жауап күтіңіз.

      Негізгі сайтта университеттің бірыңғай тәулік бойы жумыс істейтін Call - орталығының нөмірі орналасқан.

      Университеттің ресми электронды адресі: info@kazmkpu.kz

       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

       Академиялық адалдық кодексы

       2020-2021 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар