Құрметті институт директорлары, кафедра басшылары, ұстаздар мен студенттер!



    • Құрметті институт директорлары, кафедра басшылары, ұстаздар мен студенттер!

      Кітапты насихаттау және кітапхана қорын сапалы толықтыру мақсатында Ғылыми кітапхана 2021 жылдың 16-26 қарашасы аралығында Институт күнін (барлық институттар үшін) ұйымдастыру және өткізуді жоспарлап отыр, іс-шара күні бойы кітапхана фойесінде жұмыс істейтін болады.

      Іс-шараның бағдарламасында: кітап көрмелері, кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктері, электронды каталогтарымен таныстыру, электронды кітапханамен мен сыртқы электрондық деректер базаларымен жұмыс жасау ережелері, гуманитарлық білім бойынша 100 жаңа оқулыққа шолу, мамандықтар бойынша Кітаппен қамтамасыз ету картотекасын тексеру және толтыру тәсілі.

      Іс-шаралар төмендегі кестеге сәйкес өткізіледі:

      • 16 қараша – Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар және өнер институты;
      • 18 қараша – Қазақ тілі және әлем тілдері институты;
      • 22 қараша – Жаратылыстану институты;
      • 24 қараша – Физика, математика және цифрлық технологиялар институты;
      • 26 қараша – Педагогика және психология институты.

      Сіздерді біздің іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

      Ғылыми кітапхана басқармасы

       

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz​​​​​​​

      Бөлісу: