Хабарландыру! Кітапханашылар күні



    • Хабарландыру! Кітапханашылар күні

       2021 жылдың қазан айының 15 жұлдызында сағат 10.00-де Алматы қаласы бойынша аталып өтетін Кітапханашылар күніне орай, ҚазҰлтҚызПУдың Ғылыми кітапханасының  ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өтеді.

      Сіздердің назарларыңызға университетімізде басшылық қызмет атқарған ректорлардың ғылыми еңбектерінің көрмесі, жаңа кітаптар көрмесі, университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары мен монографиялары көрмесі ұйымдастырылады, сондай-ақ электронды басылымдармен танысасыздар.

      Іс-шарада «Қазақ университеті баспасы»,  «Лантар-Трейд», «Альманах» баспаларының  өнімдерінен кітап  көрме-сатылым ұйымдастырылады.

      Аталған іс-шараға департамент басшыларын, оқытушыларды, докторанттарды,  магистранттар мен студенттерді қатысуға шақырамыз.

      Келіңіздер! Көріңіздер!

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: