Wiley вебинарына қатысуға шақырамыз



    • Wiley вебинарына қатысуға шақырамыз

      Құрметті әріптестер!

      Сіздерді Wiley Online Library платформасын пайдалануға байланысты тақырыптарды қамтитын кезекті Wiley вебинарына қатысуға шақырамыз.

                 Вебинар барысында осы платформада қолжетімді ғылыми журналдарды қалай табуға болатынын; қажетті тақырып бойынша мақалалардың толық мәтіндерін қалай тауып, жүктеуге болатынын біле аласыздар. Wiley (John Wiley & Sons) – зерттеу және білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы. Баспа журналдары жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік және гуманитарлық, сондай-ақ медицина мен ветеринария ғылымдарының барлық спектірін қамтиды, көптеген басылымдар өз саласында бірінші қатарда.

      Күні: 23.05.2023

      Уақыты: сағ 15:00 – 16:00

      Тақырыбы: Wiley Online Library базасына кіріспе.

      Тіркелу: https://us06web.zoom.us/webinar/register/WN_gpwUJOEXRHKhI79n6afCmg сілтеме  арқылы.

      Күні: 25.05.2023

      Уақыты: сағ 15:00 – 16:00

      Тақырыбы: Журналға жариялау үшін мақаланы даярлау туралы

      Тіркелу: https://us06web.zoom.us/webinar/register/WN_v8OkFVNUSZq70-WXOaoWDA сілтеме арқылы.

      Спикер: Айман Ашимханова, Wiley баспасының өкілі

      Бөлісу: