Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді



    • Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді

      Сіздерді, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың наурыз айының 28 жұлдызында өтетін жыл сайынғы «ӘЛЕМДІК АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰСТАЗ ҚОЛЫНДА» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады!

      Конференция  жұмысының  бағыттары:

      І СЕКЦИЯ. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

      ІІ СЕКЦИЯ. ИНФОРМАТИКА МЕН РОБОТОТЕХНИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

      ІІІ    СЕКЦИЯ.    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ    КАДРЛАРДЫ    ДАЯРЛАУДЫҢ    ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

      Конференция шарттары:

      Конференция материалдары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

      Конференция материалдары электронды (PDF форматында) түрде жарық көреді.

      Конференция офлайн, онлайн форматта https://zoom.us/ платформасында жүргізіледі.

      Конференция    мақалалары    2023    жылдың    наурыз    айының    20-на    дейін    e-mail: ipm.conference2023@gmail.com электронды адресіне жолдануы тиіс.

      Мақала мәтіні мақаланың рәсімдеу талаптарына сәйкес дайындалуы қажет. Талаптарға сай орындалмаған мақала қабылданбайды.

      Белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған материалдар қабылданбайды, жарық көрмейді. Конференцияға қатысу және мақала жариялау - тегін.

      Толық ақпаратты  сілтемеден жүктеп алыңыз https://docs.google.com/document/d/1I4ZTRnu5CM7TGNJcf-d6iRqM6B3Qj-4v/edit?usp=share_link&ouid=108648842909455914052&rtpof=true&sd=true

      Бөлісу: