Профессор-оқытушыларға бос лауазым орындарына орналасуға конкурс жариялаймыз



    • Профессор-оқытушыларға бос лауазым орындарына орналасуға конкурс жариялаймыз

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ 2022-2023 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының және осыған сәйкес тұлғалардың бос лауазым орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

      1. Педагогика-психология институты:

      1.1. «Теориялық және практикалық психология» кафедрасы: қауымдастырылған профессор м.а.-4, аға оқытушы-5.

      1.2.  «Жалпы және әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы: аға оқытушы - 5.

      1.3. «Мектепке дейінгі және бастауышқа дайындау» кафедрасы: профессор м.а.-1, қауымдастырылған профессор м.а.-3, аға оқытушы-9, оқытушы-1.

      1.4. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы: бағдарлама көшбасшысы -1, қауымдастырылған профессор м.а.-1, аға оқытушы-2.

      1.5. «Арнайы педагогика» кафедрасы: профессор м.а.-1, қауымдастырылған профессор м.а.-2, аға оқытушы-5, оқытушы-1.

       

      2.  Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өнер институты:

      2.1. «Музыка» кафедрасы: бағдарлама көшбасшысы-1, доцент-1, аға оқытушы-5, оқытушы-2.

      2.2. «Кәсіптік білім» кафедрасы: бағдарлама көшбасшысы-1, профессор м.а.-1, қауымдастырылған профессор м.а.-3, аға оқытушы-1, оқытушы-1.

      2.3. «Хореография және арт-менеджмент» кафедрасы: бағдарлама көшбасшысы-1, аға оқытушы-3, оқытушы-2.

      2.4. «Кітапханатану және библиография» кафедрасы: қауымдастырылған профессор м.а.-1, аға оқытушы-2.

      2.5. «Тарих» кафедрасы:, аға оқытушы-2.

      2.6. «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы: қауымдастырылған профессор м.а.-1, аға оқытушы-3, оқытушы-1.

       

      3. Қазақ тілі және әлем тілдері институты:

      3.1. «Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі» кафедрасы: профессор -2, профессор м.а -1, қауымдастырылған профессор-1.

      3.2. «Қазақ әдебиеті» кафедрасы: профессор м.а.-1, қауымдастырылған профессор м.а.-1, аға оқытушы-2.

      3.3. «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы: профессор м.а.-1, қауымдастырылған профессор м.а.-1, аға оқытушы-3, оқытушы-1.

      3.4. «Шетел тілін оқыту әдістемесі» кафедрасы: қауымдастырылған профессор м.а.-2, аға оқытушы-9, оқытушы-8.

      3.5. «Практикалық шетел тілдері» кафедрасы: аға оқытушы-3, оқытушы-2.

       

      4. Физика, математика және цифрлық технологиялар институты:

      4.1. «Физика» кафедрасы: қауымдастырылған профессор м.а.-1, аға оқытушы-1, оқытушы-2.

      4.2. «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасы: бағдарлама көшбасшысы-1, қауымдастырылған профессор-1, қауымдастырылған профессор м.а.-1, аға оқытушы-7, оқытушы-3.

      4.3. «Математика» кафедрасы: аға оқытушы-5, оқытушы-1.

       

      5. Жаратылыстану институты:

      5.1. «География» кафедрасы: қауымдастырылған профессор м.а.-1, аға оқытушы-3.

      5.2. «Биология» кафедрасы: қауымдастырылған профессор м.а.-3, аға оқытушы-2, оқытушы-5.

      5.3. «Химия» кафедрасы: доцент-1; қауымдастырылған профессор м.а.-2, аға оқытушы-2.

       

      Жалпы біліктілік талаптары:

      - Институт кафедрасының бағдарламалық көшбасшысы: «Педагог» кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі-БСН бойынша біліктілік деңгейі 8 (8.1;8.2 деңгейшелері), 7 (7.1;7.2 деңгейшелері), жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD докторы (философия докторы), мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, мүмкіндігінше басқару менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.

      - Профессор: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі; ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің, мамандығы бойынша философия докторы (PhD), мамандығы бойынша доктор дәрежесінің және профессор ғылыми атағының болуы. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі немесе мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес, немесе басқарушылық жұмыс тәжірибесі. "Педагог" кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі-БСН бойынша біліктілік деңгейі 8 (8.1;8.2 деңгейшелері).

      - Қауымдастырылған профессор (доцент): Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі; ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), мамандығы бойынша философия докторы (PhD) немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі, мамандығы бойынша доктор дәрежесінің және профессор ғылыми атағының болуы. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі, мамандығы бойынша 5 (бес) жылдан кем емес. "Педагог" кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі-БСН бойынша біліктілік деңгейі 8 (8.1; 8.2 деңгейшелері).

      - Аға оқытушы: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі; ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің; ғылым докторы, мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесінің; ғылым магистрі академиялық дәрежесінің немесе доктор (философия докторы) академиялық дәрежесінің болуы. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл немесе мамандығы (кәсіби мамандығы) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. «Педагог» кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі-БСН   бойынша біліктілік деңгейі 7 (7.1; 7.2 деңгейшелері) немесе 8 (8.1; 8.2 деңгейшелері).

      - Оқытушы: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі; ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы немесе жоғары білім (маман). Еңбек өтіліне талап қойылмайды, мамандығы (кәсіби мамандығы) бойынша практикалық жұмыс өтіліне артықшылық беріледі. "Педагог" кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі-БСН бойынша біліктілік деңгейі 7 (7.1; 7.2 деңгейшелері).

      Ескерту:

      • ағылшын тілінде сабақ беретін үміткерлерге ағылшын тілін білу талап етіледі (IELTS 6.0-ден төмен емес).
      • ағылшын тілінен сабақ беретін үміткерлерге ағылшын тілін білу талап етіледі (IELTS 6.5-ден төмен емес).

      Қажетті құжаттар тізімі:

      1)  «ҚазҰҚызПУ» КеАҚ қызметкері болып табылмайтын үміткер үшін:

      • басшының атына өтініш;
      • кадр есебі бойынша жеке іс-парағы;
      • өмірбаяны;
      • жоғары білімін растайтын диплом (қосымшасымен бірге), академиялық және ғылыми дәрежесінің нотариалды куәландырылған көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;
      • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін соңғы 5 жылдағы түпнұсқалары;
      • соңғы 5 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса) (скриндер, патенттер және т. б.);
      • ашық сабақты өткізу сапасы туралы кафедра қорытындысы;
      • адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
      • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
      • психиатриялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерде есепке алудың жоқтығы туралы анықтама;
      • алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат, флюорография суреті және санитарлық кітапша;
      • жеке куәліктің көшірмесі; тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқынның куәлігі.
      • еңбек кітапшасының куәландырылған көшірмесі (немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат);
      • шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (болған жағдайда);
      • профессор-оқытушылар құрамының бос лауазым орындарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша жобаны және/немесе ғылыми-зерттеу жұмысының жобасын таныстыру (электрондық түрде, көлемі 5 слайдтан аспайды).

      2) «ҚазҰҚызПУ» КеАҚ қызметкері болып табылатын үміткер үшін:

      • басшының атына өтініш;
      • жеке күәлігінің көшірмесі;
      • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін соңғы 3 жылдағы түпнұсқалары;
      • шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (болған жағдайда);
      • соңғы 3 жылда ЖОО-ның ғылыми хатшысымен расталған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (түпнұсқа);
      • ашық сабақты өткізу сапасы туралы кафедра қорытындысы;
      • соңғы 3 (үш) жылда атқарылған жұмысы туралы есеп;
      • профессор-оқытушылар құрамының бос лауазым орындарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша жобаны және/немесе ғылыми-зерттеу жұмысының жобасын таныстыру (электрондық түрде, көлемі 5 слайдтан аспайды).

       Конкурсқа қатысуға өтініш үлгісі

       АНКЕТА КАНДИДАТА на вакантную должность ППС и приравненных к ним лиц (внутренний)

       АНКЕТА КАНДИДАТА на вакантную должность ППС и приравненных к ним лиц (внешний)

      !!! Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күн!

      !!! Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты (KPI нәтижелері, мінездеме және басқалар) сұратуға құқылы.

      !!! Құжаттарды  kaldybayeva.safura@qyzpu.edu.kz электронды мекен-жайға немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99, 126-кабинет мекен-жайына жолдаңыз.

      !!! Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 87472448515, 8(727) 2370037.

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: