QyzPU оқушыларға оқу жеңілдіктерін алуға мүмкіндік ұсынады



    • QyzPU оқушыларға оқу жеңілдіктерін алуға мүмкіндік ұсынады

      АЛМАТЫ. 16 мамыр. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – 27 мамыр Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Музыка» пәнінен оқушыларға «Креативті жас-өркен» республикалық олимпиадасын ұйымдастырады. Жеңімпаз-оқушылар университетте 100%-дан бастап оқу жеңілдіктерін ұтып ала алады.

      QyzPU Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, «Музыка» кафедрасының ұйымдастыруымен оқушыларға арналған олимпиада өтеді. Олимпиада мақсаты – Университет жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдау мүмкіндіктерін кәсіби бағдар жүргізу арқылы анықтап, жоғары деңгейдегі танымдық, шығармашылық шеберлік пен дағдыларын ашу.

      Қатысуға өтінімдерді қабылдау 23 мамыр 2022 жыл сағат: 18.00-ге дейін өзгертілді.

      Олимпиада  қазақ және  орыс  тілдерінде   Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, «Музыка» кафедрасының базасында, тікелей онлайн ZOOM платформасында комиссия бақылауымен өткізіледі.

      2 кезеңнен тұратын додаға  әр мектептен 11 сыныпта оқитын қыз балалар қатыса алады.

      1-кезеңде кез-келген музыкалық аспапта (домбыра, фортепиано, скрипка, т.с.с) немесе өз дауысымен шығарма болмаса ән орындаса, 2– кезеңде, Қазақ музыкасы тақырыбында зерттеу жұмысын презентация арқылы қорғау керек.

      Жеңіске жеткен мектеп оқушылары конкурс нәтижесі бойынша: 

      • 1 оқушы 1-дәрежелі диплом, QyzPU- да оқуға 1 жылға 100 % жеңілдікпен;
      • 2 оқушы 2- дәрежелі диплом, QyzPU- да оқуға 1 жылға 50 % жеңілдікпен;
      • 3 оқушы 3- дәрежелі диплом, QyzPU- да оқуға 1 жылға 30 % жеңілдікпен білім алуға мүмкііндігімен марапатталады.

      Олимпиаданың толық ережелері мен өтініш беру үлгісімен таныса аласыздар. https://kazmkpu.kz/kz/

       Нұсқаулық хат

      Бөлісу: