Құрметті талапкер! ҰБТ тіркелу



    • Құрметті талапкер! ҰБТ тіркелу

      АЛМАТЫ. 11 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ –  Құрметті талапкер! Ағымдағы жылдың мектеп бітіруші түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға деректер базасына тіркеуді жіберіп алмаңыздар!

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілу жоспарланған.

      Қатысушылар қатарына:

      • орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;
      • орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
      • жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері  
      • шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;
      • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар кіреді.

      Оқуға түсуші ҰБТ қатысушыларының деректер базасына (бұдан әрі –

      ДБ) тіркелу үшін өтінішті 2022 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында

      онлайн түрде Орталықтың сайты арқылы келесі сілтеме бойынша береді:

      https://app.testcenter.kz/

      Тіркелу шарттарымен толығырақ  төмендегі нұсқаулық хаттан таныса аласыздар!

       Нұсқаулық хат

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: