Шығармашылық байқау жариялаймыз



    • Шығармашылық байқау жариялаймыз

      Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-4 курс студенттері! 2022 ЖЫЛ «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА

      ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР, ОҚЫТУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР АРАСЫНДА 2022 жылдың сәуір-маусым аралығында

      «ЕҢ ҮЗДІК КОМИКС», «ЕҢ ҮЗДІК СУРЕТ»,  «ЕҢ ҮЗДІК ЕРТЕГІ» жанрлары бойынша шығармашылық байқау жариялаймыз!

       Байқауға балалар дүниетанымындағы ашық және еркін тақырып беріледі.

       Рұқсат етілген әдістер: сурет салу, кескіндеме, сандық өнер,  және т.б.

      Майлы, акрил, акварель бояулары мен ватман. Фотошоп, CorelDraw бағдарламалары бар компьютер, түсті принтер.

       

      САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауы және жастарды шығармашылық жолға бағыттау.

      Шығармашылық қабілеттерімен бөліскісі келетін барлық қатысушылар Гоголь 114, 125-кабиентке жұмыстарыңызды тапсыруларыңызды және тіркелулеріңізді сұраймыз.

      Тіркеу 2022 жылдың 20 мамырға дейін ашық.

      ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ: Студенттермен жұмыс бөлімі

      Міндеттер

      Мазмұны

      Мерзімі

      1-міндет

       

      Ұлдар мен қыз балаларға (5-7, 8-12ж) арналған, оқиға желісі қызықты, түсінікті, сауатты әрі қазіргі заманға сай ойы ұшқыр, баланың қиялы мен логикалық, шығармашылық ойлауын дамытуға  бағытталған еркін тақырыптағы қысқаша ертегі, әнгімелер жиынтығын  құрастыру

      Жұмыстарды қабылдау сәуір-маусым, 2022ж.

       

       

       

       

      2-міндет  

      Шығарманың негізгі идеясын сурет күйінде беру, суреттер қанық түсті, балалар қызығатындай кейіпкерлердің киім үлгісін заман талабына сай етіп көрсету.

      Байқау қорытындысы 1 маусым, 2022ж.

      3-міндет

      Әрбір оқиғаның іс-әрекетіне анимация құрастыру, мультимедиялық жағынан сүйемелдеу.

       

      4-міндет

      Әрбір эпизодтар мен кульминацияға баланың жүрегіне терең бойлайтын әуен және оқиғаны суреттеу кезіндегі музыкалық фон жасау.

       

      Байқаудың алгоритмі

      Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

      Комиссия мүшелері номинациялар бойынша байқаудың жеңімпаздарын анықтайды. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар Бас жүлде және I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: