Шетелдік профессор университетте ғылыми семинар өткізеді



    • Шетелдік профессор университетте ғылыми семинар өткізеді

      АЛМАТЫ. 24 қараша. Баспасөз орталығы – Университетте шетелдік ғалымдар дәрістер өткізуде. 26 қарашада Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университетінің профессоры Мехмет Экиз оқу орнының профессор-оқытушылары мен білім алушыларына арналған «Ғылыми зерттеу әдістері» тақырыбында ғылыми семинар өткізеді.

      Университеттің оқу үдерісіне шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасына сәйкес түркиялық ғалым 8 қараша мен 5 желтоқсан аралығында дәріс, семинар, тәжірибелік сабақтар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша шеберлік сабақтарын жүргізбек.

      Атап айтқанда, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен 26 қараша күні сағат 11:00-12:00 аралығында профессор Мехмет Экиз университет оқытушылары мен білім алушыларына арнайы семинар өткізеді.

      Өтетін орны: K 1, L 206

      Zoom сілтемесі:

      http://zoom.us./j/98988233080?pwd=RDZFQSszN1Rwc3BhMGJVNVBqREJzZz9

      Идентификациялық нөмірі: 989 8823 30 80

      Коды: 3030

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: