Президент шәкіртақысының иегері: Рената Алшымбаева



    • Президент шәкіртақысының иегері: Рената Алшымбаева

      АЛМАТЫ. 23 қараша. Баспасөз орталығы – Біз оқу үлгерімі мен Университеттің қоғамдық жұмысына белсенді атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысына ие болған озат студенттерімізбен таныстыруды жалғастырамыз.

      Рената Алшымбаева 2000 жылғы 6 маусымда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты «Хореография» мамандығының 4 курс студенті.

      Рената Университет қабырғасында білім ала жүріп, түрлі халықаралық, республикалық деңгейдегі білім, ғылым және өнер байқауларына қатысып, жүлдегер атанған.

      Атап айтқанда, ол «Әбіров әлемі» жобасы аясында ұйымдастырылған «Көпмәдениетті қоғамдағы өнертану: дәстүр мен жаңашылдық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына ұсынған жобасы «Үздік ғылыми жоба» номинациясымен марапатталды.

      Сондай-ақ Ренатаның ғылыми еңбегі «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты Республикалық студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың конференциясында таныстырылды.

      Рената ғылыммен қатар өнермен де айналысады.

      Ол «Томирис» би ансамблінің құрамында өнер көрсете жүріп бірнеше республикалық және халықаралық конкурстарда жүлдегер атанды. Сондай-ақ талантты бойжеткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша өткен Республикалық пәндік олимпиадада жеңіске жетті.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: