Университеттің 8 докторанты шетелде ғылыми тағылымдамадан өтеді



    • Университеттің 8 докторанты шетелде ғылыми тағылымдамадан өтеді

      АЛМАТЫ. 23 қараша. Баспасөз орталығы – Ғылым – кез келген елдің болашағы. Себебі мемлекеттің экономикалық әрі тұрақты дамуы ұлттық ғылымның әлеуетіне тікелей байланысты.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұстаз мамандарын даярлаумен бірге, ғылыми-зерттеу бағытына да басымдық береді.

      Оқу орнында магистратураның 27 және докторантураның 14 білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады.

      Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай 3 курста білім алып жатқан докторанттармен кездесуде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту барысы, университеттермен ынтымақтастық орнату, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру мәселесі айтылды.

      Биыл «Филология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Информатика» мамандықтарында оқитын 8 докторант шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтпек.

      Жас ғалымдар Түркияның Башкент университеті, Гази университеті, Газиантеп университеті, Еге университетінде, Болгарияның Климент Охридский атындағы университетінде, Ресей мемлекеттік әлеуметтік университеті мен Ресей білім академиясының білім беруді дамыту стратегиясы институтында ғылыми ізденістерін жалғастырмақ.

      Гүлмира Қанай докторанттарға ғылым жолындағы еңбектеріне табыс тілеп, ғылыми тағылымдамадан сәтті өтулеріне тілектестік білдірді.

      Ғылыми тағылымдамадан өтетін докторанттар тізімі:

      • Нұртаева Айсұлу – «Филология» мамандығының 3 курс докторанты
      • Бөлекбаева Ләззат – «Филология» мамандығының 3 курс докторанты
      • Салихова Сұлушаш – «Филология» мамандығының 3 курс докторанты
      • Абилдаева Қарлығаш – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс докторанты
      • Айтжан Тоты – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3 курс докторанты
      • Мырзаханова Фарида – «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс докторанты
      • Суранчиева Зинагүл – «Информатика» мамандығының 3 курс докторанты
      • Маханова Айгүл – «Информатика» мамандығының 3 курс докторанты

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: