Талапкерлердің құжаттары онлайн қабылданады



    • Талапкерлердің құжаттары онлайн қабылданады

      АЛМАТЫ. 25 маусым. Баспасөз қызметі  COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті биылғы мектеп және орта арнаулы оқу орындарын бітірген талапкерлердің құжаттарын онлайн форматта қабылдауды бастады.

      Құжаттар http://univer.kazmkpu.kz/abiturient_user/login/ сілтемесі арқылы қабылданады.

      Айта кетейік, Қыздар университеті 46 бакалавриат мамандығы бойынша талапкерлердің құжаттарын 20 маусым мен 24 тамыз аралығында қабылдайды. Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі мына жерде.

      Ал 26 магистратура мамандығы бойынша үміткерлердің құжаттарын 15 маусым мен 15 шілде аралығында қабылдайды. Ал магистратураға кешенді тестілеу 1 – 15 тамыз аралығында өткізіледі. Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.

      Магистратураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі мына жерде.

      Сонымен қатар 14 докторантура мамандығы бойынша үміткерлерден құжаттарды қабылдау 3 шілде мен 3 тамыз аралығында жүргізіледі. Ал докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары 4 – 20 тамыз аралығында өтеді.  Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар тұлғалар қабылданады. 

      Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі мына жерде.

      Құжат тапсыру бойынша толық мәліметті Қыздар университетінің Қабылдау комиссиясынан алуға болады. Байланыс телефондары: 8(727) 233-18- 52, +7 (707) 934-91-98.

      БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ

      Байланыс телефоны: 8 (727) 237-00-07

      e-mail: kyzdaruniversity@gmail.com

      facebook: qyzdaryniversiteti

      twitter: qyzdar_yniver

      vkontakte: qyzdar_yniver

      instagram: qyzdar_yniversiteti

      youtube: qyzdar уniversiteti

      telegram: t.me/qyzdar_yniversiteti

      Бөлісу: