Хабарландыру: Стипендия көлемі туралы



    • Хабарландыру: Стипендия көлемі туралы

       АЛМАТЫ. 26 ақпан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне мемлекеттік білім беру грантын иеленген барлық білім алушысына стипендия тағайындалады.

      Бірінші семестрден кейін қысқы сессия қорытындысы бойынша әр пәннен 70 және одан жоғары балл жинаған (емтиханды «жақсы» және «өте жақсы» бағаға тапсырған) студенттерге мемлекеттік стипендия тағайындалады.

      Стипендия мөлшері:

      Бакалавриат – 26 186 теңге;

      Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының бакалавры – 42 000 теңге;

      Сонымен қатар бакалавриатта грант негізінде оқитын студенттердің жеке банктік карточкасына стипендия және тамақтануға арналған қаржының өтемақысы жіберіледі.

      Магистратура – 66 913 теңге;

      Докторантура – 150 000 теңге.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: