Халықаралық ғылыми жиын өтті



    • Халықаралық ғылыми жиын өтті

      АЛМАТЫ. 25 ақпан. Баспасөз орталығы – Қарашаңырақ Қыздар университетінде халықаралық ғылыми жиын өтті. Оқу орнының Педагогика және психология жоғары мектебінің ұйымдастыруымен  «Теориялық және практикалық психологияның өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция мәреге жетті.

      Жиын жұмысы «Пандемия жағдайында психология мен психотерапияның даму тенденциясы», «Психологтың  кәсіби іс-әрекеті: қоғамда, білім беру жүйесінде, отбасы институтында», «Тұлғаның кәсіби бағытының анықталуы және эмоционалдық интеллект» бағыттары бойынша жүргізілді.

      Конференцияға  Ресейдің Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Псков мемлекеттік университеті, Қырғызстанның Қырғыз-Ресей білім беру академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Павлодар педагогикалық университеті және «Қайнар» университетінің ғалымдары қатысып, іргелі ізденістерімен бөлісті.

      Ғылыми басқосуға келіп түскен материалдар негізінде арнайы жинақ Pdf формат түрінде жарық көреді.

      – Конференция мақсаты – педагог-психологтар мен психолог мамандарын даярлаудың сапасы мен мамандықтың статусын көтеру. Сондай-ақ Психологиялық көмек көрсету барысында заманауи психотехнологияларды ұтымды қолдана алатын, жоғары дәрежелі мамандарды даярлаудағы ғылымның іргелі және қолданбалы тұрғыларындағы өзекті мәселелерді қарастыру, – дейді шара ұйымдастырушылары.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: