Ғылыми еңбегі жоғары бағаланды



    • Ғылыми еңбегі жоғары бағаланды

       АЛМАТЫ. 23 ақпан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология»  мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте Жаңагүл Саметова философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ғылыми жұмысын табысты қорғады.

      Жас ізденуші «6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқып, білімін тереңдетті.

      Кеңес мүшелері Ж. Саметованың «Қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер мен ағымдар және оны оқыту (ХХІ ғасыр)» тақырыбындағы диссертациясының өзектілігі мен ғылыми жаңашылдығын және маңызын  жоғары деп бағалады. Сәйкесінше ол философия докторы (PhD) дәрежесін алуға лайықты деп танылды.

      Ғылыми кеңесшілері – филология ғылымдарының докторы, профессор  Қ. Жанұзақова мен педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т. Жұмажанова. Ал шетелдік ғылыми кеңесші – PhD, профессор Ф.Түркмен.

      Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде орындалған.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: