Ғылыми жұмысын табысты қорғады



    • Ғылыми жұмысын табысты қорғады

      АЛМАТЫ. 23 ақпан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институтының докторанты Айгүл Мурзинова «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін иелену үшін диссертациялық жұмысын табысты қорғады.

      Жас ғалымның ғылыми жұмысының тақырыбы «Ұлттық-мәдени стереотиптердің ерекшелігі мен коммуникативтік сипаты (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің ұлттық-мәдени құндылықтары негізінде)».

      Қорғау барысында диссертациялық кеңес мүшелері А. Мурзинованың зерттеу жұмысының өзектілігін, ғылыми жаңашылдығын, теориялық және тәжірибелік маңыздылығын жоғары деп бағалады.

      Айта кетейік, ізденуші Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасында білім алды. Оның ғылыми кеңесшісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Алтынай Тымболова.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: