«Үздік жас ғалым» атағына ие болды



    • «Үздік жас ғалым» атағына ие болды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Химия» мамандығының 3-курс докторанты Ақбота Қуандықова Тәуелсіз мемлекеттер достастығы «Үздік жас ғалым – 2020» атты талантты жас ғалымдардың жинағына еніп, арнайы дипломмен марапатталды.

      Халықаралық жас ғалымдар Ассоциациясының ұйымдастыруымен және «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалар қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылатын халықаралық жобаның басты мақсаты –дарынды жастарды қолдау, олардың әлеуетінің артуына тың серпін беру.

      Жоба шеңберінде ғылым, спорт және өнер салаларында табысқа жеткен талантты жастар іріктеліп, олар туралы арнайы жинақ жарық көреді.  

      Ұйымдастырушылардың айтуынша, кітапқа енгізу конкурстық негізде жүргізіледі. Қыздар университетінің докторанты барлық сыннан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанды.          Бұдан өзге жинаққа халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалар мен орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері және қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары, түрлі деңгейдегі спорт жарыстарының жеңімпаздары да енгізілген.

      Жүлдегерлерге «Жас ғалым – 2020» медалі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табысталды.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: