«Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында»



    • «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында»

      Бүгін осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер, магистранттар және жас ғалымдар арасындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

      Конференция студенттер, магистранттар және жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуге ынталандыру, ғылыми проблемаларды шешуге тарту және жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.  Конференцияның пленарлық отырысында университетіміздің -Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушысы Маханова А.С., Алматы облысы, Іле ауданы №44 орта мектебінің жоғары санатты информатика мұғалімі Оразаева Л.І., Алматы облысы, Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің физика пәнінің оқытушысы Кенжебай Е.М., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 8D01502 – Информатика білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Маратова Т.Ф, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің магистранты Юсупова А.О. баяндамалар жасады.

      Конференция барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер талқыланды. Конференцияға Қазақстанның Ақтау, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Алматы және т.б. өңірінен 130 астам ғылыми жұмыстар қабылданды.

      Конференцияның секциялары бойынша, атап айтсақ, «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы инновациялық технологиялар», «Информатика мен робототехниканы оқытудың өзекті мәселелері», «Педагогикалық кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы тенденциялары» секциялық отырысында конференция қатысушылары баяндама жасап, ғылымдағы өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Жыл сайынғы өтетін бұл конференция келесі жылы да өз жалғасын таппақ.

      Бөлісу: