ҚызПУ делегациясы Кембридж университетінде



    • ҚызПУ делегациясы Кембридж университетінде

      Трансұлттық білім беру саласындағы ынтымақтастық тақырыбына арналған Ұлыбритания – Қазақстан Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы аясында университет делегациясы әлемнің ең көне университеттердің бірі Кембридж университетінің физика кафедрасының жанындағы Кавендиш зертханасында болды.

                                                                                   

       Доктор Сиддхарт Саксена профессор А.М. Тәтеновке  заманауи зертханаларындағы Кембридж университеті ғалымдарының ең озық әзірлемелерін көрсетті.

       Доктор Сакасена мен профессор Татенов жасыл энергетиканы дамыту жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері және университет ғалымдарының біліктілігін арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

                                                                                   

      Бөлісу: